Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру қорытындылары жөніндегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі интернет-конференция өткізеді.

2009 жылғы желтоқсанның 11-і күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы ағымдағы жылғы 12 желтоқсан күні «электрондық үкімет» Порталында жарияланады

  • Сұрақтар: 20
  • Жауаптар: 20
  • 11.12.2009
  • 12.12.2009
  • Министерство культуры и информации Республики Казахстан

Сырым Сәбитұлы 11.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Менің аты жөнім Сырым Сәбитұлы, Атырау облысынан, менің сізден сұрайын дегенім Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын одан әрі зерделеу, жинақтау және тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралардың бірі «Мәдени мұра» бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында қандай шаралар жасалып жатыр? Жауаптарыңызға алдын-ала рахметімді айтамын.

Администратор 11.12.2009

Бағдарлама аясында ел мәдениеті мен тарихы үшін орасан зор жұмыстар атқарылып, көптеген игі іс-шаралар қолға алынды. Мысалы, «Мәдени мұра» іс-шаралар жоспары шеңберінде алдымыздағы 3 жыл ішінде Қазақстан аумағында 39 объектіде жаңғырту жұмыстары мен 49 объектіде археологиялық зерттеулер жүргізіледі. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, насихаттау және пайдалану, оларды туризм инфрақұрылым жүйесіне енгізу мәселесінде де бағдарлама шеңберінде біраз жұмыстар атқарылуда. Айта кетсек, бағдарлама аясында «Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерінің қолда бар Тізімдерін қайта қарау және нақтылау, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін әзірлеп басып шығару» жобасы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын одан әрі зерделеу, жинақтау және тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралар одан әрі жалғасады, сонымен қатар келер ұрпаққа аманатқа қалдырылады, қоғамдық сананың және қоғам игілігінің бір бөлігіне айналады деген сенімдемін.