Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру қорытындылары жөніндегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі интернет-конференция өткізеді.

2009 жылғы желтоқсанның 11-і күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы ағымдағы жылғы 12 желтоқсан күні «электрондық үкімет» Порталында жарияланады

  • Сұрақтар: 20
  • Жауаптар: 20
  • 11.12.2009
  • 12.12.2009
  • Министерство культуры и информации Республики Казахстан

Роза Айтжанова 11.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Аса қадірлі Құл-Мухамед мырза, сізге қояр сауалым, баға жетпес құндылықтарымыздың бірі – мемлекеттік тіліміз болып табылатындықтан, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру мәселесі қалай шешімін табуда? Алдын-ала алғысымды білдіремін. Роза Айтжанова, Семей қаласы.

Администратор 11.12.2009

Құрметті Роза, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру мәселесі күн тәртібінен түскен емес, түспейді де. Бүгінгі таңда, мемлекеттік тіліміздің дамуына қажетті барлық заңнама жасалынған. Жыл сайын мемлекеттік тілдің дамуына арналған іс-шаралардың саны да артып келеді. Басты мақсатымыз казақ тілін толыққанды мемлекеттік тіл ретінде дамытып, өрісін мейлінше кеңейту екенін ескере отырып министрлік өз жұмысын келесі басым бағыттарда жүргізеді: мемлекеттік тіл саясатын кеңінен әдістемелік қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардағы тіл ахуалы, соның ішінде іс қағаздарының жүргізілу деңгейі тілді оқытуға байланысты екенін ескере отырып, осы саладағы инфрақұрылымды дамыту; тілдік орта құру аясында қалың әлеуметті мемлекеттік комиссиялар бекіткен терминдер мен ономастика саласындағы ахуал туралы кең хабардар ету; қазақтілді БАҚ-тарды жан жақты дамыту; тіл заңнамаларының орындалу барысына бақылау жүргізу және насихаттау жұмысы. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе бүгінгі күні мемлекеттік тілдің ойдағыдай өркендеуі үшін заңдық, құқықтық, технологиялық, іскерлік, ғылыми-әдістемелік мүмкіндіктердің бәрі бар. Елбасы Ассамблеяның ХV сессиясында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірлеу және қабылдау қажеттігі жөнінде нақты тапсырма берді. Осы мақсатта Министрлік тарапынан Бағдарлама жобасын әзірлеу қолға алынды.