Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 23.12.2009
- 24.12.2009
- Қызылорда облысының әкімшілігі
Жумадилдаева Райхан 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Мектептер мен балабақшаларға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жалғасын табады ма? Оның ішінде сұрайын дегенім, бұрынғы кент орталығында лицей мектебінің ғимаратына орналасқан балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме?
Администратор 23.12.2009
Елбасының өзі атап көрсеткеніндей, «Жол картасы» бағдарламасының орындалуы, одан әрі қарай жалғасын табатын болады. Осының негізінде облыс бойынша 2010 жылға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет деген нысандар анықталып отыр. Соған сәйкес Қармақшы ауданы бойынша 2 мектеп, 1 балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Бұл тізімге Сіз көрсеткен балабақша да бар. Ол үшін, «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес, 2010 жылы балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 28753,0 мың теңге қаржы бөлінеді.