ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті нотариаттық, адвокаттық және бағалау қызметі мәселелері бойынша Интернет-конференция өткізеді.
ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті нотариаттық, адвокаттық және бағалау қызметі мәселелері бойынша Интернет-конференция өткізеді. Таңдап алған бұл тақырыптың өзектілігі сол, адвокаттардың, нотариустар мен бағалаушылардың жұртшылыққа үнемі қажет болуына байланысты. Сұрақтарға берілетін барлық жауаптар осы жылдың 31 қаңтары күні «электронды үкімет» порталында жарияланатын болады.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 6
- 15.01.2010
- 25.01.2010
- Интернет - конференция по вопросам нотариальной, адвокатской и оценочной деятельности.
Кулбаева Акерке Сапаровна 20.02.2010, Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба құрметті президент Нұрсұлтан Әбішұлы мырза!
Мен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласының Жүргенбаев көшесі 23/2 үй тұрғыны Құлбаева Ақерке Сапарқызы боламын . Өзім 4 (төрт) баланың анасымын. Күйеуім қазіргі таңда жұмыссыз үйде отыр .
Сіздің сайтыңызға хат жолдауымның себебі , банктерден несие алған қара халыққа, яғни көмекке мұқтаж жандарға жеңілдіктер жасайтыныңызды естіп , соңғы үмітім сізден болып , көмек сұрауға бел будым .
Айтайын дегенім осы өзімнің тұрғылықты Жетісай қаласында орналасқан Каспий банкінің филалынан 2006 жылы 4 - тамызда 800000 (сегіз жүз мың ) теңге 3 жыл мерзімге несие алған болатынмын. Алған күнімнен бастап , ай сайын өз мерзімінде келісілген 31000 (отыз бір мың ) теңгені құйып отырдым . Мен бұл ақшаны сауда жасауға алғандықтан ол кезде төлеуге қиналған жоқ едім . Бірақ 2 (екі) жылдан кейін 4 – ші баламды босануыма байланысты, график бойынша ай сайын 31000 (отыз бір мың ) теңгені толығымен төлей алмай қиналып , тапқан ақшамды түгел болмаса да банкке құйап отыруға тырыстым . Содан былтыр 2009 жыл тамыз айында «График погашения задолженнести по договору банковскому займу» деген құжатымның уақытты біткен болатын. Ал банк қызметкерлері маған пенямен қоса 1 500 000 (млн) теңге төлейсің деп талап қойып отыр. Осыдан соң мен тікелей Шымкентте орналасқан Каспий Банкінің филиалына баруыма тура келді. Сол жерге барғанымда маған сіздің үйіңіздің құжаты проблемный отделға өтіп кеткен сол жерге барыңыз деп жіберді. Ол жерге барып есептетсем сіздің негізгі (основной) қарызыңыз 400 000 теңге осы соманы ең соңғы мерзімі 2010 жылы наурыз айына дейін толық төлейсіз сол кезде біз үстіндегі пенясын алып тастаймыз деп отыр ал төлемесеңіз автоматты түрде үйіңізді банк алып қояды деп қайтарды. Менің бармаған жерім, қарастырмаған амалым қалмады. Отыра берсем 4 баламмен далада қалайын деп отырмын.
Аға мен алған ақшамды қайтармаймын деп отырғаным жоқ және каникул да сұраймын маған тек қана ай сайын құйып тұратын график түздіріп беруіңізді сұраймын. Ал менің қазіргі азын аулақ құйып жатқан ақшам пеняға кетіп қалып жатыр. Қалған негізгі қарызым жабылып жатқан жоқ. Аға менің бала-шағамның көзіне тура қарауға бетім қалмады. Әр күні үйімді қашан тартып алар екен деген қорқыныш менің жүйкемді жұқартып бітті. Маған бұл нәрсе өлім жазасымен тең болып отыр. Мен бұл өтінішімді Каспий банк қызметкерлерінеде айтып көрген болатынмын. Яғни график погошенияны қайта түзіп берулерін сұрағанмын. График бойынша төлеп құтылатынымды айтып жалынсамда ешбір банк қызметкерлері бұл сөзіме құлақ аспады. Бұл деген сөз демек қарапайым халықтың шарасыздығын пайдаланып, банк үйді тартып алып қойып оның сатқанын пайда көріп отырғанын дәлелдейі емеспе дұрыс бірақ банк пайда көрмесе несіне банк, мен 4 бала-шағаммен кімге барып сиямын 400 000 теңгем болса банкке төлеп құтылып қолыма үйімнің құжаттарын алған болар едім. Қолда ақша жоқ кезде ол 400 000 теңгенің өзі көп ақша ғой. Ал график бойынша ай сайын төлеп тұра аламын. Үкімет жұмысын істемесемде ай сайынғы түсіп тұрған даход көрсете алмасамда былайыншы қара жұмыстарды істеп құя аламын. Құрметті Елбасы М.Ә. Назарбаев мырза! Соңғы үмітім өзіңізде менің бұл өтінішімді назарыңыздан тыс қалдырмассыз деп сенемін. Осы өтінішім бойынша жаңа график түздіріп 4 баламмен далада қалуыма жол бермеуге қол ұшыңызды беруіңізді өтініп сұраймын. Осы айтқандарым бойынша жәрдем беріңізші қалған жерде график қайта түзілер болса қарызымды толық төлеуге уәде етемін. Бар үмітім өзіңізде.