Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 5 қазанда жарияланады.

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 01.10.2009
  • 01.10.2009
  • ҚР Ішкі істер министрлігі

Серік 01.10.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

«Рубеж» бекеттерін салуға қаншама қаражат жұмсалды. Олардың сапасы сын көтермейді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің басшылығы бөлінген қаражатты талан-таражға салды. Соларға қандай да бір шара қолданылды ма?

Администратор 02.10.2009

Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитеті бірқатар тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 4-бөлігі бойынша (ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) ІІМ ЕБҚК-ның бұрынғы төрағасы А.Исағалиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот оны қамауға алуға сырттай санкция берді және оған мемлекетаралық іздеу жарияланды. Бекеттердің құрылысымен айналысқан «Айдар Құрылыс Консалтинг» ЖШС басшылығына қатысты заңсыз кәсіпкерлік, қылмысқа қастандық, алаяқтық, жалған құжаттарды қолдан жасағаны, дайындағаны үшін қылмыстық істер қозғалып, тергелуде. Барлық қылмыстық істер Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің өндірісінде, олар бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Мемлекетке келтірілген залалды өтеу мәселелері қылмыстық істерді тергеу барысында және сотта қарастырылатын болады.