ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

Д. ИМАШЕВА. 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Менің жеке бизнесім бар. Сондықтан «Бизнестің Жол картасы – 2020» бюджеттік бағдарламасына кәсіпкерлердің қай санаттары қатыса алатынын білгім келеді?

Администратор 31.03.2010

Бірінші кезекте, бағдарламаның экспорттық сипатқа ие екенін ескерген жөн. Сондықтан да экономиканың шикізаттық емес саласы мемлекеттік қолдауға ие болады. Қатысушылардың 2 тобы анықталды: шығаратын өнімдерінің 10 пайыздан астамын экспорттайтын кәсіпорындар мен қазақстандық мазмұнға бейімделген кәсіпорындар. Жүзеге асырылып жатқан және жаңа басталған бағдарламалар бойынша да оларды орындау тетігі жасалған. Бағдарламаға қатысқысы келетін кәсіпкер екінші деңгейдегі Банктерге немесе ӘКК (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға) хабарласа алады.