Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 21
  • 23.12.2009
  • 24.12.2009
  • Қызылорда облысының әкімшілігі

Әліпбаева Света Бегәділқызы 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Болатбек Баянұлы!!! Алда келе жатқан мерекеңізбен құттықтаймын!!! Мен көп балалы анамын, 7 балам бар, әрі тұлдыр жетім бала бағып отырмын. Әр түрлі жағдаймен 6-7 жылдан бері айына 25000тг төлеп пәтерде тұрамыз. Үй кезегінеде тұра алмадым, өйткені тіркеу кітапшам болмағасын. Жолдасым зейнеткер, өзімде 2010 жылы көп баламен зейнетке шығамын. Менің Сізден сұрайтын, отінетін 2 мәселем бар: 1. Мені өзіңіздің жеке қабылдауыңызға жақын араға кіргізуге көмек жасай аларма екенсіз? 2. Тұл жетім, яғни бағып отырған қызым облыс әкімінің, иә қала әкімінің шыршасына қатыса алмайды, №136 мектептің 3 сынып оқушысы, сабақты жақсы оқиды, 3 -ші разрядты шахматшы, Республикалық жарыстан 3-ші орын алды, қола медаль иегері. Соған облыс әкімінің шыршасына қатысуға жағдай жасай аларма екенсіз? Алдын ала рахмет, өтініш иесі: С.Әліпбаева.

Администратор 24.12.2009

«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 қаулысының талаптарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі және қабылдау алдын ала жазылу негізінде жүзеге асырылады делінген. Осыған орай, Сізге Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 76 мекен-жайда орналасқан облыс әкімі аппараты ғимаратындағы, облыс әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөліміне (№117 кабинетіне) хабарласыңыз. Сіздің шараға қатыстыру жөніндегі өтінішіңізге сәйкес қызыңызды 2009 жылдың 26 желтоқсанында Әбілда Тәжібаев атындағы кітапханада өтетін облыс әкімінің шыршасына қатыса алады. Сондықтан, облыстық ішкі саясат басқармасының 27-10-83 телефонына хабарласып, толық мәлімет аласыз.