ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Сакыпов Ержігіт 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Біздің өңірімізде Елбасы Жолдауына сәйкес кәсіпкерлік саласы бойынша қандай тиімді жобалар жүзеге асады?

Администратор 12.04.2013

Құрметті Ержігіт! Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беру арқылы –отандық кәсіпкерлікті нығайтуға мүмкіндік жасаймыз. Бұл жолдағы алғашқы қадам «Халықтық IPO» бағдарламасының сәтті басталуы болды. Бұл ең алдымен ұлттық байлықтың халықтың қолына таратылып берілуі болды. «Қаз Транс Ойл» компаниясы тарапынан 28 млрд. теңгені орналастыру туралы хабарланып, акция алуға сұраныстар 2 еседен асып түсті. Біздің облысымызда «Оңтүстік» индустриалды аймағы арқылы 61 жоба жүзеге асырылуда.