Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Римма 02.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеміз, енді жер алып ғимарат тұргызайын деп едік, 1 жыл болды кұжаттары бітпей жүр. Сіздердің ЦОН арқылы тұрғызылатын ғимараттың кұжаттарын жасатуға бола ма?

Администратор 27.07.2008

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтары - мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлерінің тізбесі бекітілді. «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтiнiштердi қабылдау және ресiмделген құжаттарды беру жөнiндегi мемлекеттiк қызметтер тұрлерiнiң тiзбесi. 1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әдiлет органдары көрсететiн мыналарды ресiмдеу жөнiндегi қызметтер: мiндеттi тұрде тiркелуге жатпайтын жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге, жылжымалы мүлiк кепiлдiгiне құқықтарға (ауыртпалықтарға) жүргiзiлген тiркеу туралы тiркеу органының белгiсi бар құқық белгiлейтiн құжаттың тұпнұсқасы (нотариалды расталған көшiрмелер); жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк; жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама; жылжымайтын объектiлер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәләндырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi. 2. Жер қатынастары органдарының желісі бойынша: көрсету орталықтары арқылы жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісін беру стандарты; халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрақты жер пайдалану құқығы актісін беру стандарты; халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсiн беру стандарты; халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісін беру стандарты;