Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 23.12.2009
- 24.12.2009
- Қызылорда облысының әкімшілігі
Тасқараев Мағауия Молдахмет 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Аудан орталығында бірқатар көшелер, атап айтсам Балқы базар, Томанов, Айсауытов, Мүсірбаев т.б. көшелер жарықтандырылған. Бұл түн мезгілдерінде тұрғындардың жүріп-тұруына, қыс айларында балалардың сабаққа барып-келуі үшін қолайлы болып тұр. Келесі жылда да өзге көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі ме?
Администратор 23.12.2009
Биылғы жылғы аудан орталығы Жосалы кентінде жарықтандыруға байланысты жасалған жұмыстар өзіңізге белгілі. Келер жылы «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес, аудан орталығы Жосалы кентінің 4 көшесіне, Рысқұлов, Сейтжан ақын, Әуезов, Алтынсарин көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылып отыр. Оған 12028,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылатын болады.