Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 23.12.2009
- 24.12.2009
- Қызылорда облысының әкімшілігі
Е.Маханбетов 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Ботабай ауылы Шиелі ауданындағы ең шалғай ауыл.
Біздің ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін фельдшерлік пунктте жедел жәрдем көлігі жоқ.
Ауыр науқастар болған жағдайда орталыққа жеткізуге қиналамыз.
Ботабай ауылындағы фельдшерлік пунктке жедел жәрдем көлігін алуға көмек берсеңіз.
Администратор 23.12.2009
Жуырда облыстық бюджетке Ботабай ауылдық фельдшерлік пунктіне арнап жедел жәрдем көлігін алдық. Оны ауылыңыздағы фельдшерлік пунктте жедел жәрдем көлігін жүргізуші штатының болмауына байланысты Тартоғай дәрігерлік амбулаториясына уақытша берілген. Осы желтоқсан айында Ботабай ауылдық фельдшерлік пунктіне жедел жәрдем көлігі жүргізуші штаты ашылды. Енді ауылыңызда «Д» категориялы жүргізуші болса, жұмысты әрі жедел жәрдем көлікті боласыздар.