Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 23.12.2009
- 24.12.2009
- Қызылорда облысының әкімшілігі
Қозыбаев Дәрмен 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Біздің ауыл тұрғындары кеңес кезінен ауыз суды тасымалмен ішіп отыр.
Қашан ауылымыздың көшелеріне су жүйесі тартылып, үйден таза су ішеміз?
Администратор 23.12.2009
2009 жылға Бестам ауылына Жиделі топтық су құбырынан таза ауыз су беру үшін республикалық бюджеттен 43 млн. теңге қаржы қаралып, су қоймасы салынды. 2010 жылға республикалық бюджеттен 70 млн. теңге қаралып, Бестам ауылының ішкі су құбырын жаңартылатын болады. 2011 жылға 86 млн. теңге бөлініп, Бестам ауылының ішкі су құбыр жүйесін жаңарту жұмысы толық аяқталып, ауыл тұрғындары Жиделі топтық су құбырының таза ауыз суымен қамтамасыз етілетін болады.