ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

Васильев Сергей Федорович 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасы Жолдауына сәйкес барлық тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда отандық өндірушілер ескерілуі тиіс. 2009 жылдың қорытындысы бойынша оң нәтижелер бар ма?

Администратор 31.03.2010

Алматы облысының кәсіпорындары 2009 жылдың қорытындылары бойынша 97 млрд. теңгенің жұмыстары мен қызметтері және тауарларын жеткізуге келісімшарттар жасады. Оның ішінде ұлттық компаниялармен, жер қойнауын пайдаланушылармен, министрліктер және ведомоствалармен (облыстың бюджетіндегі мемлекеттік сатып алулар – 67,7 млрд. теңге, басқа келісімшарттар – 13,6 млрд. теңге) жасалғандар да бар. Облыстағы кәсіпорындар үстіміздегі жылы барлық өндірістік мүмкіндіктерді ескере отырып, жұмыстар мен қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу көлемін 110 млрд. теңгеге, оның ішінде ұлттық компаниялармен 17,8 млрд теңгеге дейін ұлғайта алады. Республикалық ірі жобаларды орындауға қатысуға мүмкіндігіміз бар. Биылғы жылы облыс кәсіпорындары жүргізіліп жатқан тендерлерге қатысуға кірісті. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың өнімдер шығаруға қатысты тапсырыстар алу арқылы жұмыс орындарын сақтап қала алатындығын білдіреді.