Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Солтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігімен интернет-конференция

2009 жылғы қыркүйектің 25 сі мен 30-ы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30-шы қыркүйекте жарияланады.

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 25.09.2009
  • 30.09.2009
  • Интернет-конференция с Акиматом Северо-Казахстанской области по разъяснению и ходу реализации послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Через кризис к обновлению и развитию» от 6 марта 2009 года

Оспанова Алия, мұғалім 27.09.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Облыста мемлекеттік тілді дамыту бойынша қандай жұмыс жүргізілуде?

Администратор 28.09.2009

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 127 Жарлығына сәйкес 2008 жылы Солтүстік Қазақстан облысында іс жүргізу толық мемлекеттік тілге көшірілді. Өңірде 2009 жылғы 9 ақпандағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің №31 қаулысымен және облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі №15/3 шешімімен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Солтүстік Қазақстан облысында іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. 2009 жылдың 8 айында жалпы облыс бойынша мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 95%-ды, кіріс құжаттарының үлесі 66%-ды құрады. Облысымызда ересек тұрғындардың мемлекеттік тілді тегін меңгеруіне қажетті барлық жағдай жасалып отыр. Бұл мақсатқа жыл сайын облыстық бюджеттен 15 – 17 млн. теңге қаржы бөлінеді.