Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру қорытындылары жөніндегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі интернет-конференция өткізеді.

2009 жылғы желтоқсанның 11-і күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы ағымдағы жылғы 12 желтоқсан күні «электрондық үкімет» Порталында жарияланады

  • Сұрақтар: 20
  • Жауаптар: 20
  • 11.12.2009
  • 12.12.2009
  • Министерство культуры и информации Республики Казахстан

Шыңғысхан Тыныштық 11.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Министр мырза! Қазақстанның сыртқы ішкі имижді оңып тұрған жоқ. Өзі оңбай тұрған бет-бейнемізді киноларымыз жығылғанға жұдырық етуде. Неге мемлекет атынан түсірілген фильмдер ПРезидент Қазақфильмге келгенде айтқандай ұлтты сүюге, Отанды сүюге шақыратын туындылар болмайды? Айтыңызшы, "Келінді" көріп қандай намысыңыз оянады?Үш еркектен балап тапқан келіннің атасы болғыңыз келе ме? Ешкі сүйреген балаңыздың болғанын қалайсыз ба? Қызыңыздың еркекшора боп, үйленем деп жанына қыз ертіп келгенін қалайсыз ба? Жеке меншік заманда бәрін жасауға болады дейтін шығарсыз. Бірақ мемлекет атынан ұсынылған туынды неге Келін сияқты фильм болуы тиіс? Мәселе,осы фильмге қарсылықтан туып отырған жоқ. Мемлекеттің ақшасы бөлінген ақшада менің де үлесім бар. (салық төлеуші ретінде) Сондықтан Министрлік негізгі идеология, ұят, ар, патриотизм, мемлекеттің имиджі деген нәрсеге көңіл бөлуі тиіс. Сұрақ: КЕлінді Оскарға мемлекет қай критерийге қарап ұсынды? Оны алып тастауға жігеріңіз (лауазымыңыз, мүмкіндігіңіз емес) жете ме? /Бұдан ештеңе өзгермейді, білем. Кеше Борат, кешк Келін, бүгін Қайрат, ертең тағы тағы шыға беретін шығар/

Администратор 14.12.2009

Сауалыңызда көрсетілген «Келін» фильмі 2006 жылы тақырыптық экспозициялық жоспар құрамына енгізіліп 2009 жылғы жарық көрді. Фильм біздің заманымыздың 2-ші ғасырындағы Алтай өңірін, яғни ерте тайпалар дәуіріндегі адамдардың өмірін суреттеген. Туындының жанры аңыз негізіндегі күнделікті өмір айналасындағы тақырыптарды қарастырады. Оқиға желісі киноның сценарийін жазған авторлар мен режиссердің жеке ойынан, қиялынан шыққан, яғни ешқандай нақты деректерге негізделмеген. Еліміздің Конституциясы шығармашылық бостандағына кепіл береді. Дегенмен, кино саласының еліміздің рухани дамуына берер орасан зор әсерін ескере отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі осы бағытта бірқатар шараларды іске асыруда. Жуырда ғана Сенат қолдауна ие болған «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы жасалып, оның басып көпшілігі кино саласына арналды. Аталған заң жобассына фильмдерді прокаттау куәлігі негізінде көрерменнің жас ерекшелігіне сай әртүрлі категорияларға бөлу, осыған орай әр фильмнің шектелуі көрсетілер уақытын белгілеу сияқты тармақтар қарастырылған. Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен түсірілетін фильмдерге бақылауды күшейту мақсатында «Мемлекеттік сатып алу» заңының 4-бап, 31-тармағына сәйкес, кино өнімі бойынша қызмет ететін бас мердігер ретінде «Қазақфильм» Акционерлік Қоғамы белгіленді. Бұл – мемлекет өзіне қарасты «Қазақфильм» АҚ арқылы бюджет қаржысынан түсірілетін фильмдердің сапасын қадағалауға қосымша құрал болады. Қазіргі таңда «Қазақфильм» компаниясының өндірісіндегі жобалардың барлығы дерлік ел мүддесіне негізделіп, тәуелсіз еліміздің өнегелі өткені мен жетістігі мол бүгінін суреттеуге арналған. Атап айтқанда «Код Золотого война», «Қара майор», «Астана, менің махаббатым!», «Бәйтерек» сияқты көркем фильмдер, «Ел бейнесі», «Ұстаз жүрегі», «Мәдениет, ғылым және білім қайраткерлері» сияқты деректі фильмдер, «Қазақ елі», «Қазақ ертегілері» атты анимациялық фильмдер түсіріліп жатыр.