ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

С. ҚАСЕНОВА. 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең басты шарты. Ауыл шаруашылығына Мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп, бұл сала қай бағытта дамиды?

Администратор 31.03.2010

Аграрлық саланың алдында бірқатар нақты міндеттер қойылып отыр: әлемдік тәжірибені қолданып, оны ауыл шаруашылығы саласына тездетіп енгізу, үдемелі агроиндустриялдық дамуды қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту және оның сапасын арттыру үшін жаңа технологиялар мен әдістерді өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да қолдану қажет. Сондықтан мемлекет тарапынан осы екі негізгі саланы дамытуға қаржылық көмек көрсету жалғастырылады. 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрау керек. Осы мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге басты назар аударылады. Әзірленген индустрияландыру картасына аграрлық секторды және өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша бірталай жобалар кірді. Сүт және ет өнімдерін өндіретін және өңдейтін мега кешендердің құрылысы, экологиялық таза көкөністерді өсіру үшін ірі жылыжайларды салу және тағы да басқа жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Осы мақсаттарға қомақты қаржы бөлінуде. Сонымен бірге, көмек жаңа техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға, жаңа және қолдағы бар өндірістерді жаңғырту мен ұйымдастыруға да көрсетіледі. Бұл шаралардың барлығы еңбек өнімділігін агроөнеркәсіп кешенінің бірінші буынында да, өңдеу саласында да көтеруге мүмкіндік береді. Бұл біздің басты мақсатымыз.