ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

Сания СЕРІКОВА. 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі екендігін атап өтті. Облыста денсаулық сақтау саласы бойынша қандай іс шаралар атқарылады?

Администратор 31.03.2010

Облыста денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөліну¬де.Ағымдағы жылы «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының аясында 4 аурухананың құрылысы аяқталады. Былтырғы жылы облыстық бюджет есебінен Бақанас ауылында жалпы құны 906,2 млн. теңгеге 40 төсегі бар туберкулез ауруханасының құрылысы басталды. Ағымдағы жылы аурухана іске қосылады, құрылысты аяқтауға 641,2 млн. теңге бөлінді. 169 денсаулық сақтау объектілері күрделі жөнделеді, оның 15-сі «Жол картасы» бағдарламасы аясында. Облыста Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде, оның мақсаты емделушінің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау принциптеріне негізделген, бәсекелі ортаны және медициналық қызметті көрсету процесінің ашықтығын құру болып табылады. Он мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құрылды. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу жұмыстары ағымдағы жылы жалғасын таппақ.