Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 23.12.2009
- 24.12.2009
- Қызылорда облысының әкімшілігі
Тұрғанов Байдан Тұрмағанбет 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Болатбек Баянұлы! Ауданымыздың ауылшаруашылық саласы бойынша биылғы жылғы облыста 1 орын алуына өткен жылдарда каналдардың, қашыртқы-арықтардың тазаланып, қайта қазылуы өз септігін тигізді деп ойлаймын. Менің сауалым, аудандағы инженерлік жүйеге келтірілген осы қашыртқы, атыздарды қайта қазу жұмыстары жүргізіледі ме? Рахмет.
Администратор 23.12.2009
Облысымыздың экономикасын көтеріп, әлеуметтік саланы дамытуда да, өндіріс пен кәсіпкерлік саланы өркендетуде де қол жеткізген табыстарымыз аз емес. Алайда, өңіріміздің дамуының басым бағыты ауылшаруашылығы саласы. Сондықтан бұл саланы қолдау облыс басшылығының үнемі басты назарында болады. 2007 жылы Қурайлы каналының №231-412 бекеттер аралығын тазалауға 9,6 млн.теңге, ал 2009 жылы №412-446 бекеттер аралығын тазалауға 8,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бұл жұмыстар толық орындалды. Нәтижесінде Тұрмағанбет ауылдық округіне қарасты егістік жерлерге кідіріссіз су апарылатын болды. Биылғы жылға да Қармақшы ауданы бойынша гидротехникалық құрылыстарды күрделі жөндеуден өткізу, қашыртқы-каналдарды тазалауға, электр насостарын алуға облыстық бюджеттен 41,1 млн.теңге қаржы жұмсалды. Осы жұмыстарды әрі қарай жүргізу мақсатымен, яғни көп жылдардан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген аудан шаруашылықтарының егістік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында 95 шақырымды құрайтын шаруашылықаралық каналдар мен ондағы орналасқан гидротехникалық құрылғыларды жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен осы жыл мен алдағы 2 жылға 460,0 млн.теңге қаржының бөлінілуіне қол жеткізілді. Оның 50,0 млн.теңгесі биыл игерілетін болса, келер жылға 200,0 млн. теңгенің жұмыстары жүргізіледі деп болжанып отыр.