Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 23.12.2009
- 24.12.2009
- Қызылорда облысының әкімшілігі
А.Рақышев 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Ауылға келген жас мамандарға тұрғын үй салына ма және қашан басталады ?
Администратор 23.12.2009
Шиелі кентінде Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аясында 2008 жылға республикалық бюджеттен 45,6 млн теңгеге қаржы қаралып, несиелендіру есебімен жалпы ауданы 0,8 мың шаршы метр құрайтын 10 ипотекалық тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, жас мамандарға пайдалануға берілді. 2009 жылға осы құрылыс жалғасын тауып, республикалық бюджеттен 30,0 млн теңге бөлініп, 480 шаршы метр құрайтын 6 ипотекалық тұрғын үй салынды. Ауылдық округтерде тұрақты жұмыс істеуге барған жас мамандарға 2009 жылғы 1 шілдеден бастап 70 еселік айлық есептік көрсеткішке тең бір жолдық жәрдемақы, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй сатып алу үшін 630 еселік айлық есептік көрсеткіш деңгейінде 15 жыл мерзімге несие беріледі. Құжаттар жұмыс орындары бойынша қабылданады.