ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Астана қаласы, 22.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

1. Мемлекеттік қызмет агенттігі конкурсқа қатысушыларды тестілеуден басқа қандай қызмет атқарады? 2. Барлық мемлекеттік органдар бірінші бос орынға өздерінің таныс-туыстарын отырғызып, әсіресе бұл Оңтүстіктерге (Шымкент, Жамбыл облыстары) қатысты, содан кейін сол адамдарды заңдастыру үшін ғана конкурс береді. Оған біз сияқты қарапайым халық соңғы ақшамызды сарп етіп құжат жинап, керекті заңдар іздеп дал боламыз. Соңғы Парламент Мәжілісінде өткен конкурста әңгімелесу кезінде функционалдық міндеттері туралы бір де бір сұрақ болған жоқ. Осының өзі ол орындар баяғыдан бос емес екендігіне айғақ. Өйткені, барлығына тек Конституциядан ғана сұрақ қойды. Сонда біліктілігін, комьютерден сауаттылығын олар қалай білмек. Оған тағы бір айғақ біз кезекте тұрған кезде, сол жерде отырған өздерінің мамандарына "Мен кіретін кезде званда, кабинетте боламын" - деп ескертіп кетіп жатқан Мәжіліс депутаттарының көмекшілері 7-8 адамдай болды. 9 көмекшінің орнына конкурс жарияланды. Неліктен әр органға Сіздер 3-4 адамдарыңызды коммися мүшесі ретінде қатыстырмайсыздар, сонда бір кішкене әділдік болар? Олай етпеген жағдайда біздердің, қарапайым халықтың Сіздерге деген сеніміміз, көзқарасымыз мүлдем нөлге теңестірілмек.