Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 23.12.2009
- 24.12.2009
- Қызылорда облысының әкімшілігі
Ширек Сқақов 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Аудандағы ауыл шаруашылық құрылымдары суды көп қажет ететін күріш егісінің алқаптарының 15000 гектар көлемін қайта тегістеуге Халықаралық қайта құру Даму банкінің займын тарту жөнінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Администратор 23.12.2009
Облыстың суармалы егіс алқаптарында гидротехникалық құрылыстар ескірген, өз дәрежісінде жұмыс істемейді. Жер асты суының деңгейі көтеріліп, топырақ сорланып эрозияға ұшырауда. «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңін жүзеге асыруға 2010-2016 жылдары 15000 гектар жерді қайта тегістеуге Халықаралық қайта құру Даму банкінің займы тартылатын болады. Мұны қайтару мерзімі 30 жыл. 2010 жылдан бастап жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) жасау және жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабардар еткім келеді.