Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 21
  • 23.12.2009
  • 24.12.2009
  • Қызылорда облысының әкімшілігі

Зейнетай Әлімбаев 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Болатбек Баянұлы! Елімізде «Жол картасы» бағдарламасы негізінде салынып немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан автомобиль жолдардың жағдайы қалай болады? Бұл жұмыстар біздің ауданымыз бойынша әрі қарай жүргізіледі ме?

Администратор 23.12.2009

Қармақшы ауданы бойынша 2012 жылға дейінгі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының күрделі және орташа жөнделуі бойынша бірінші кезекте атқарылатын іс-шаралар тізбесі анықталып, бекітілген. 2010 жылға аудандық маңыздағы автожолдардың жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлуге сметалық құжаттамалары рәсімделіп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Осыған сәйкес, аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Төретам» автомобиль жолының 2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 8 412 мың теңге, аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-ІІІ Интернационал» автомобиль жолының 1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 233 мың теңге, аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағанбет-Көмекбаев» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 104 976 мың теңге, аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Ақтөбе» автомобиль жолының 1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 206 мың теңге, барлығы 121 827 мың теңге көлеміндегі қаржыны игеру 2010 жылы «Жол картасы» шеңберінде атқарылады деп жоспарланып отыр.