Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 21
  • 23.12.2009
  • 24.12.2009
  • Қызылорда облысының әкімшілігі

Бозғұлан Құрманов 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен КРЭК-те электрик болып жұмыс істеймін. КРЭК-тің мемлекеттік меншікке көшірілгені жақсы болды. Айлығымызды тұрақты, уақытында алып отырмыз. Сұрайын дегенім, осы КРЭК-тің жұмысын дамыту бағытында қандай шаралар атқарылатын болады?

Администратор 23.12.2009

Өздеріңізге белгілі, 2008 жылы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның 100 пайыз акциялары 997,4 млн. теңгеге мемлекеттік меншікке сатып алынды. АҚ-ның 2008-2009 жылғы күзгі-қысқы жылу беру маусымында тұрақты және сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органының резервінен 159,6 млн. теңге бөлініп, авариялық-жөндеу жұмыстарына қажеттіліктегі жедел-диспетчерлік қызметіне автокөліктер алынды және тозығы жеткен жабдықтар ауыстырылды. Атқарылған шаралардың нәтижесінде электр тораптарындағы апаттылық төмендеді, аймақты электрмен қамтамасыз ету тұрақтылығы жоғарылады. Сонымен қатар, 2009 жылға «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының электр жүйелерін дамыту мақсатында оның жарғылық қорын ұлғайтуға 329 млн. теңге бөлінді және 409 млн. теңге Қызылорда облысының электрленбеген 15 елді мекеннің 6 елді мекені орталықтандырылған электрмен қамтамасыз етілді. Елбасының Жолдауын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бойынша облысымыздың 11 елді мекендерін электрмен жабдықтау жүйелерін дамытуға оның ішінде Қазалы, Сырдария аудандарын электрмен жабдықтау және Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының Сырдария өзені өткелдерінде су тасқыны қаупін алдын алу іс-шаралары бойынша 194,021 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясымен» құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталуда.