Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 09.11.2009
- 10.11.2009
- Жамбыл облысы әкімшілігі
Сатылғанов Жапар Тілеужанұлы 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті әкім мырза !
Бөрібай Биқожаұлы, Сіз облыс табиғатын реттеу және пайдалану басшылығына, өмірге бергенінен берешегі көп, келешекке қызыға қарайтын жас маманды тағайындағаңызға біз қуанамыз. Рас, жаңа басшыны тым жас қой,- деушілер де табылып жатыр.Бірақ, дәл бүгін Қазақтың, Қазақстанның келешегі, бірінші-Қазақ жастарының қолында екенін түсінетін уақыт жетті – деп ойлаймыз!
Осы жерде орайы келгенде айтар бір мәселе, кешегі экономикалық қиындықтан азайған сексеуіл-орман қорын қайта қалпына келтіру үшін, әуелі орман ішінде орманшы-қорықшылар үйлері болуы міндетті. Ал бізде ондай орманшы-қорықшы үйлері тым аз. Кезінде әр кімге үлеске берілген совхоз қыстауларын бұздырмай, мекемеге арзанға сатып алып, кордондар жасайық,- дегенімізге басшылар көнбеген... Енді міне соның зарын тартып отырмыз. Казір жаңадан үй-кордон салуға орман мекемелерінің шамасы жетпей жатыр. Сондықтан 2010 жылы тағы да басталатын Жол картасы қаржысына орман-қорықтарда орманшы-қорықшы үйлерін , кордондар салуға болмас па екен ?!
Сәлеммен бір топ орманшы-қорықшылар атынан
Жапар Сатылғанов
«Андасай» мемлекеттік
зоологиялық қорғалымының меңгерушісі
Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы
Администратор 11.11.2009
Жамбыл облысы аумағындағы орман шаруашылығын дамытудың жобасы бойынша, 4 млн 432 мың гектар мемлекеттік орман қорын және оның ішіндегі жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастыруға 104 орманшы-қорықшы үйлері болуы тиіс. Қазіргі кезеңде облыстың орман қоры аумағында 53 орманшы-қорықшы үйлері бар. Оның ішінде Мойынқұм орман шаруашылығы мекемесінде 2 орман кордоны сақталған. Орман қоры аумағында жаңадан орманшы-қорықшы үйлерін салу мәселесі 2005 жылдан бері көтеріліп келеді. Келешекте орманшы-қорықшы үйлерін салуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мәселесі жоспарланатын болады.