Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 09.11.2009
- 10.11.2009
- Жамбыл облысы әкімшілігі
Колледж студенттері 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:
2007 жылы Жаңатас қаласындағы К.Маркс орта мектебінің базасында Жаңатас көпсалалы колледжі ашылған болатын. Бұл ісіңіз үшін Сізге көп алғыс айтамыз. Бүгінгі күні колледж студенттерінің қатары күннен-күнге көбеюде. Сізден студенттер атынан сұранатыным: колледж спорт залына, акт залына, асханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етсеңіз. Алғашқы жауыннан-ақ ғимарат үстінен су кетіп, едендер шіруде. 2010 жылғы "Жол картасы" жобасына біздің колледж ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қосуға үлес қоссаңыз деп сұранамыз.
Администратор 11.11.2009
2010 жылы Жол картасы аясында білім беру саласындағы бірнеше нысан бойынша 1,2 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда осы сала бойынша тиісті уәкілетті орган тарапынан тізімі құрастырылуда.