Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 09.11.2009
  • 10.11.2009
  • Жамбыл облысы әкімшілігі

Дария 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

«Бәйтерек» мөлтек ауданында келесі 2010 жылы тұрғын үй құрылысы жүргізіледі ме? Жоқ әлде әлемдік дағдарысқа байланысты тұрғын үй құрылысы да тоқтап калады ма? Дария, Тараз қаласы

Администратор 11.11.2009

2008-2010 жылдарға Мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы шегінде Жамбыл облысы бойынша 1023,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген, оның ішінде: - жалға беру (коммуналдық) тұрғын-үй құрылысы – 24,1 мың шаршы метр; - ипотекалық тұрғын үйлер – 29,6 шаршы метр; - бұрын берілген кредиттерді қайтадан пайдалану есебінен салынатын кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы – 13,7 шаршы метр; - облыстық бюджет есебінен – 9,0 мың шаршы метр; - тұрғындардың өз қаражаттары есебінен – 924,4 мың шаршы метр; - мемлекеттік емес ұйымдар мен өнеркәсіптердің есебінен – 22,7 мың шаршы метр. 2008 жылдың қорытындысы бойынша, жоспарланған жалпы алаңы 282,7 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысының 233,6 мың шаршы метрі пайдалануға беріліп, 2009 жылға жалпы алаңы 370,4 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып, 9 айдың қорытындысы бойынша оның 120,0 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Сондықтан, «Бәйтерек» мөлтек ауданында келесі 2010 жылы тұрғын үй құрылысы жоспарға сай жалғастырыла бермек.