Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру қорытындылары жөніндегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі интернет-конференция өткізеді.
2009 жылғы желтоқсанның 11-і күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы ағымдағы жылғы 12 желтоқсан күні «электрондық үкімет» Порталында жарияланады
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 20
- 11.12.2009
- 12.12.2009
- Министерство культуры и информации Республики Казахстан
Қанағат Қарашев 11.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Құл-Мухаммед мырза! Сізге қазақ тілінің электроника технологиясында қолданылу мәселесі туралы қояр сұрағым бар. Айтқым келгені ұялы телефонда қазақ әріптерінің жоқ екені. Осы мәселенің оң шешімін табуына ықпал етуіңізді сұраймын? Қанағат Қарашев, зейнеткер.
Администратор 11.12.2009
Сұрағыңызға рахмет. Қазақстанда ұялы телефондардың қазақ әріптеріне икемделмеу мәселесі бүгінде өте өзекті мәселе. Бұл орайда айтулы жұмыстар атқарылуда. Үстіміздегі жылдың соңына дейін Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен ірі ұялы телефон шығарушы компаниялар арасындағы Қазақстанға қазақ әріптері орнатылған ұялы телефондар әкелу мәселесі бойынша келіссөздер аяқталып, оң шешімін таппақ. Сонымен қатар басқа да өнім шығарушы компаниялармен Қазақстанға әкелінетін ұялы телефондардың қазақ әріптері болуы туралы келіссөздер жүргізілуде. Болашақта бұл мәселенің оң шешімін табатындығына зор сенімдемін.