Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 02.11.2009
  • 04.11.2009
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Сапаргүл 04.11.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті министр мырза! Менің балам мүгедек, өзіміз ауылда тұрамыз. Баламды емдейтін елімізде медицина ұйымдарына апарайын деп едім. Астана қаласында жаңа орталық ашылды деп естідім. Қалай сонда емдесем екен баламды?

Администратор 04.11.2009

Құрметті Сапаргүл! Сіз жергілікті жеріңіздеге денсаулық сақтау басқармасына жолығып, қандай қажетті медициналық құжаттар керек екендігін және қандай мекемеге баратыныңызды білуіңіз керек. Балаларды Алматы қаласындағы «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығы және Астана қаласындағы республикалық балаларды оңалту орталығы емдейді. Сондықтан дәрігерлерге көрсетіп, балаңыз тиісті ем алатынына сенемін.