Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 09.11.2009
- 10.11.2009
- Жамбыл облысы әкімшілігі
Ғалымжан 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бөрібай Биқожаұлы! Қордай ауданы Отар ауылының ауыз су жүйелері көп жылдары бойы жөнделмей келуде. Жол картасы аясында 2010 жылы оларды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі деп естідік. Осы сөз распа, не болмаса қай жылы жөнделетіні жөнінде айтсаңыз.
Администратор 11.11.2009
Қордай ауданының Отар ауылының ауыз су жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде, 2010 жылғы «Жол картасы» жобасына енгізіліп 130 млн тенге бөлу жоспарлануда.