Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 09.11.2009
- 10.11.2009
- Жамбыл облысы әкімшілігі
Серік 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті облыс әкімі! Қант поселкесінің канализация жүйелеріне келесі жылы Жол картасына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізсе деген ұсынысымызға жауап берсеңіз.
Администратор 11.11.2009
Тараз қаласының Қант кентінің канализация жүйелеріне жөндеу жұмыстары 2010 жылға арналған Жол картасы бағдарламасы жобасына енгізілген. Қазіргі таңда Тараз қаласының әкімдігімен жалпы сомасы 20,5 млн. теңгенің жұмыстары үшін жобалық сметалық құжаттамалар әзірленуде.