Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 09.11.2009
  • 10.11.2009
  • Жамбыл облысы әкімшілігі

Ержан 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

«Жол картасы» келесі 2010 жылы да жалғасын табады деп естіп жатырмыз. Онда үстіміздегі жылмен салыстырғанда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Администратор 11.11.2009

2009 жылы Жол картасы аясында облысымызда барлығы 269 нысанға 7,2 млрд теңге қаржы қарастырылса, 2010 жылы облыс бойынша әлеуметтік маңызды нысандарды жөндеуден өткізуге 8,6 млрд. теңге қаржы жоспарлануда, яғни 1,4 млрд. теңгеге ұлғайып отыр. Осының нәтижесінде 8489 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.