Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 09.11.2009
- 10.11.2009
- Жамбыл облысы әкімшілігі
Биғалиева Р.П 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Облыс әкімі Бөрібай Биқожаұлы. Мен Биғалиева Р.П., Тараз қаласындағы Атшабар комплексінің үлескерімін. Міне 2 жыл болды мен, әлек болып жүргеніме. Мен көп балалы анамын. 1 балам 2 топтағы мүгедек. Банк арқылы несие алып Атшабарды соғып жатқан ТОО НТПЦ "SNS" фирмасына аударған едім. Өзім тұрған үйді сатып сол жаққа көшем деп, ол адамнан ақша алып қойған едім. Сол ақшаны қайтара алмай әлек болып ауруға шалдықтым. Қазір фирма ТОО НТПЦ "SNS" мені күнде қорқытып звандайды. Банк күнде екі рет звандайды ақшаны қайтар деп. Қазір менің естігенім фирманың жұмысы жүріп жатыр деп. Олар ақшаны қайдан алып жатқаны белгісіз. Фирманың банкке тезірек ақшаны аударуына көмектессеңіз.
Администратор 11.11.2009
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» заңына сәйкес коммерциялық тұрғын үй салушылар үлескерлердің қаржысын тарту арқылы коммерциялық құрылыс нысандарын салуға лицензиясы бар заңды тұлғалар болып табылады. Облыста мұндай құрылыс нысандарын салушылар тіркелмеген. Сонымен қатар, «НТПЦ «SNS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражатына және банк несиелері мен «үлескерлер» атты жеке тұлғалардың қаражатымен Тараз қаласының «Атшабар» тұрғын үй кешенінде коммерциялық үйдің құрылысын жүргізуде. Алайда, соңғы кездердегі қаржы дағдарысына байланысты, нысанның құрылыс қарқыны төмендеп отыр. Бүгінде «Атшабар» тұрғын үй кешенін аяқтауға аталған серіктестік «АТФ Банк» АҚ-ы арқылы барлығы 3,4 млн. АҚШ долларын құрайтын несие алуға қол жеткізді. Кепілдік құжаттардың тіркеуі аяқталғаннан кейін, банкімен құрылыстың қаржыландырылуы ашылып, құрылыс жалғасын табады. Ал, қаржының игерілуіне германдық «KВиЛ Бэуконсалт» («KVL Bauconsult GmbH») аудиторлық компаниясы бақылау жүргізеді. Нысан 2010 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.