Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 09.11.2009
- 10.11.2009
- Жамбыл облысы әкімшілігі
Мақсат 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бөрібай Биқожаұлы! Байзақ ауданы Бурыл ауылының орта мектебінің жөнделмегеніне біраз уақыт өтті. Осыған орай 2010 жылы Жол картасы немесе басқа жолдар арқылы осы мәселені шешіп берсеңіз.
Администратор 11.11.2009
2009 жылдың Жол картасы бағдарламасында Бурыл орта мектебіне 45,1 млн. теңге қаржы бөлініп, мектеп шатыры, негізгі нысанның кіре беріс фасады, асхана, спорттық зал ғимараты және жанындағы интернат ғимаратына жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы бұл мектептің жылу жүйесі жөнделетін болады.