ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ
Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.
- Сұрақтар: 1531
- Жауаптар: 45
- 16.02.2009
- 31.12.2010
- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі
Толқын 21.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қайрат Айтмұхамбетович! Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде кейінгі кезде конкурс жариаланбай, әкімдер қалаған адамдарын бір жерге бір күн әкім етіп тағайындап сонан соң басқа қызметке ауыстыру практикасы көптеп кездесуде. Мысалы, біздің Енбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметке мараторий жариалаған кезде аудандық оқу бөлімінің бастығы болып облыстық сыртқы саясат бөлімінің бастығының Сүлейменова Гүлжианның сіңілісі тағайындалды. Бұл каррупция емей немен не? Менің түсінбегенім Президент бұл құбылыспен күресіп жатқанда облыстық саясат бөлімінің басшысы Ешкімнен қорқпай осындай іс істеп отырғаны. Біз қанша жерге жассақта ешқанда өзгеріс жоқ. Сонда бұл кісіге ешкімнің әлі келмегені ме?