Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 09.11.2009
  • 10.11.2009
  • Жамбыл облысы әкімшілігі

Маменов Әуесхан 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Биылғы жылы Елбасымыздың қолдауымен Республикамызда «Жол картасының» негізінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Біздің облыстада біраз мектептер мен ауруханалар жөндеу жұмыстарын жүргізп жатқандығын білеміз. Бірақ көптеген алыс елді мекендердегі клубтар мен кітапханалардың жағдайы төмен, сол себепті мәдениет саласында да «Жол картасы» бойынша жөндеу жұмыстары жүреме ? Болмаса қашан жүреді ?

Администратор 11.11.2009

2009 жылғы Жол картасы бағдарламасы аясында облыста 95 мәдениет мекемелері жөндеуден өткізілді. Оның ішінде 47 кітапхана, 46 клуб, 2 мұражай ғимараттарына күрделі немесе ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы 2010 жылға Жол картасы бағдарламасы аясында мәдениет саласы бойынша ауылдық елді мекендердегі мәдениет нысандарын жөндеу жұмыстары жалғасын табатын болады.