Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Оңтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігінің Интернет-конференциясы

2009 жылғы 16 қыркүйекте Оңтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы 24 қыркүйекте «электрондық үкімет» Порталында жарияланады.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 16.09.2009
  • 24.09.2009
  • Интернет-конференция с Акиматом Южно-Казахстанской области по разъяснению и ходу реализации послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Через кризис к обновлению и развитию» от 6 марта 2009 года

Ускенбекова Арайлым Бахытжановна 17.09.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Как вы думаете послание главы государств "Через к обновлению и развитию" какие результаты дали? Особенно в сельской местности.

Администратор 19.09.2009

Елбасы Н.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауын облыс тұрғындары арасында кеңінен насихаттау және Жолдаудан туындаған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдыру мақсатында 15 облыстық, 75 аудандық, қалалық ақпараттық-насихаттық топтар құрылған. Облыстық ақпараттық-насихаттық топтардың құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық мәслихаттың депутаттары, барлық басқарма басшылары, саяси партия мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, жалпы 102 адам енген. Елбасы Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрылған 15 облыстық ақпараттық-насихаттық топтар облыстағы бірқатар ірі кәсіпорын ұжымдарын, жоғары, арнаулы орта, бастауыш кәсіптік білім беру орындарының оқытушылары мен студенттері және аудан, қалалардың орталықтары мен ауыл округтерде жергілікті тұрғындармен 159 кездесулер өткізіп, кездесу барысында 26,0 мыңнан астам тұрғындарды қамтыған. Сондай-ақ, 75 аудандық насихаттық топтар 833 кездесу өткізіп, 104,0 мыңнан астам жергілікті тұрғындарды қамтыды..................