Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру қорытындылары жөніндегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі интернет-конференция өткізеді.
2009 жылғы желтоқсанның 11-і күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы ағымдағы жылғы 12 желтоқсан күні «электрондық үкімет» Порталында жарияланады
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 20
- 11.12.2009
- 12.12.2009
- Министерство культуры и информации Республики Казахстан
Каримжанова Батима 11.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Мұхтар Абрарұлы, Каримжанова Батима, Қызыл-Ордадан, сізден сұрайтыным мемлекеттік тілді меңгеру үшін атқарылып жатқан шаралар туралы не айтар едіңіз? Рахмет!
Администратор 11.12.2009
Сұрағыңызға рахмет. Мемлекеттік тілді меңгеру – бұл еліміздің әрбір азаматының борышы екені белгілі. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі»- деп анық көрсетілген. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-сессиясында еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді толығымен өз деңгейінде білуі үшін, тіл мәдениеті жоғары деңгейдегі төзімді (толерантты) азаматты тәрбиелеуге ықпал ететін, көп тіл білетін тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірлеу және қабылдау қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Аталған мәселеге байланысты арнайы жұмыс тобы бекітілді. Бағдарлама жобасы бойынша зерделеу – сараптау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының тіл саясаты бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.