Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақырыбындағы Интернет-конференциясы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақарыбында Интернет-конференция өткізеді. Сұрақтар 12 қараша күні сағат 9.00-ден бастап 13 қараша күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Интернет-конференцияға келіп түскен сұрақтардың жауаптары 2010 жылғы 18 қараша күні жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 12.11.2010
- 13.11.2010
- Барлық сұрақтар Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне
Бейбут Абаканұлы 13.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Аудан кәсіпкерлерінің қаржыландыруға ұсынылған жобаларының ішінде тамшылап суғару арқылы жұмыс істейтін жылыжай құрылысы индустриялық жобаға жата ма?
Администратор 13.11.2010
Ауыл шаруашылығында бұрын қолданылмаған бұл тәсіл жаңа, яғни инновациялық жоба болып табылады және мұндай жобалар міндетті түрде қолдау табады. Жылыжайдың жұмыс істеуі жеміс-жидек бағасына тікелей әсер ететіндіктен, бұл жобаның маңызы зор.