ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ
Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.
- Сұрақтар: 1531
- Жауаптар: 45
- 16.02.2009
- 31.12.2010
- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі
Ospanova Shanat 21.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Жақсылық Ақмырзаұлы! Менің балам(5.12.2005ж) Алия Нағызхановаға жыл сайын салқын түскен мезгілде Алматы қаласындағы КАЗНИИ-де операция жасалуы керек. Баламның көзінің қарашығы абайсызда химиялық күйіктен соң (ІҮстепень)мүгедек болып қалған.Бірақ Қостанай облысының Көз аурулар емханасында жыл сонына қарай квота бітіп қала береді.Ақшалай емге менің жағдайым келмейді.Бала ешбір емсіз қазіргі уақытта үйде отыр. 2010жылда баламды қаратуға квота алуыма көмек берсеңіз екен.