Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Оңтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігінің Интернет-конференциясы

2009 жылғы 16 қыркүйекте Оңтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы 24 қыркүйекте «электрондық үкімет» Порталында жарияланады.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 16.09.2009
  • 24.09.2009
  • Интернет-конференция с Акиматом Южно-Казахстанской области по разъяснению и ходу реализации послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Через кризис к обновлению и развитию» от 6 марта 2009 года

Байжумаева Фатима 21.09.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Біз Қайтпас-2 мөлтек ауданының тұрғындарымыз. Осы Қайтпас-2 елді мекеніне автобустар өте сирек келеді, тіпті жүрмейді десек те болады. Мысалы 26 маршрут Достық мөлтек ауданы арқылы бізге дейін жүреді дейді, бірақ ол біз түгілі Достық елді мекеніне де келмейді. Самал-3 мөлтек ауданынан қайтады. Осы мәселенің шешімін қарастыруыңызды сұраймыз.

Администратор 22.09.2009

Құрметті Қайтпас-2 мөлтек ауданының тұрғындары! Бүгінгі таңда, Ақжайық (бұрынғы Қайтпас-2) шағын ауданының тұрғындарына №17 (а,б) автобус бағыты 15 қозғалыс кестесімен, 10 минуттық қозғалыс жиілігімен, №70 автобус бағыты 8 қозғалыс кестесімен, 10 минуттық қозғалыс жиілігімен, 370а шағын автобус бағыты 4 қозғалыс кестесімен, 27 минуттық қозғалыс жиілігімен жолаушыларға қызмет көрсетуде. 2009 қала тұрғындарының өтініштерін ескеріп, №17 автобус бағытына 4 қозғалыс кестесі қосылды. Қалалық қоғамдық көлік бағыттарында диспетчерлік сүйемелдеу қызметін атқаратын «Диспетчерлік қызмет орталығы» ЖШС-нің мәліметі бойынша, қыркүйек айының 7-14 аралығында бағыттарда орташа қозғалыс жиілігі №17а – 91,2%, №70-90,2%, №70а -84%0 құралған. Қоғамдық көлік бағыттарында қызмет көрсетуге түзілген келісім шарттар бойынша, бағыттарда қозғалыс жүйелігінің орындалуы 85% болуы тиіс. №26 бағытында сиымдылығы үлкен автобустар жолаушыларға қызмет көрсетуде. 2007 жылы №26 автобус бағытының қозғалыс сызбасы Ақжайық шағын ауданына дейін созылған болатын. Алайда Ақжайық шағын ауданында жолаушылар ағымының қалыптаспауы, бағыттың экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы себепті, №26 автобус бағыты қатынауын тоқтатты. Бүгінгі таңда, №26 автобус бағытының 4 қозғалыс кестесі Достық шағын ауданына қатынап, жолаушыларға қызмет көрсетуде.