Мемлекет Басшысының «Дағдарыс Арқылы Жаңару Мен Дамуға» Атты Қазақстан Халқына Жолдауын Түсіндіру Және Іске Асыру Барысы Бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Министрлігімен Интернет-Конференция

Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша.

  • Сұрақтар: 19
  • Жауаптар: 19
  • 01.12.2009
  • 03.12.2009
  • ҚР Туризм және спорт министрлігі

Алиев Берік Бекзатұлы 01.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Темірхан Мыайдарұы! Қазақстан телеарналарынан Қазақстан спорты туралы ақпаратты толық алу мүмкіндігі қашан туады? Неге біздің елімізде тек спортқа арналған телеканал ашпасқа?

Администратор 02.12.2009

Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Қазақстан – 1» телеарнасы бойынша тікелей эфирде Қостанай қаласында өткен грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты, Семей қаласында өткен грек-рим күресінен еліміздің кубогы, Қызылорда қаласында болған еркін күрестен және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы көрсетілді. Желтоқсан айында Қызылорда қаласында өтетін қазақ күресінен Азия чемпионаты көрсетіледі. «KS sport 1» кабельдік каналдан еліміздің «Барс» командасының ойындарын және футболдан ағылшын Премьер-Лигасының ойындары көрсетіледі. Елімізде спорттық телеарна ашу мәселесі Үкіметтік деңгейде қарастырылуда, бұл мәселені Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, атақты боксшы Серік Қонақбаев та көтерген болатын, жуырда ашылады деп сеніміз.