ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ
Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.
- Сұрақтар: 1531
- Жауаптар: 45
- 16.02.2009
- 31.12.2010
- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі
fffffff 21.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Маңғыстау облысының Бейнеу мен Шетпе елді мекендерінің арасындағы жолдың жағдайы өте нашар екендігі Сізге белгілі болуы керек деп ойлаймын. Автоқөліктің жылдамдығын 20-30 км/сағ. асыру мүмкін емес. Мұның көптеген салдарлары бар екендігі айтпаса түсінікті: 1. Жол үстінде жөл-көлік оқиғаларының орын алуы; 2.Орынсыз жағылған жанар май; 3.Жүктердің кешігіп жетуі; 4. Облыс тұрғындарын арзан қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету т.с.с. Сұрақ: Осы жолды асфальттау үкіметтің жоспарында бар ма? Егер бар болса қай жылы жүзеге асырылмақ?