ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Шамсиев Абдукадыр Эргашович 20.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Саламатсызба. Жаңа 2010 жылмен құттықтай отырып кішкене бір сұрағымды қойсам. Менің мал шаруашылығын нығайтуға ынтамды жүзеге асыру үшін естігенім өкімет бірнеше жеңілдіктер айнықса қайтарымсыз несие беретінін естідім.Сол несиені ешбір тосқауылсыз алалармынба? Алдын ала рахмет.

Администратор 27.01.2010

Мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: асыл тұқымды малды дамытуды қолдау және мал шаруашылығының өнімдерін мен өнім сапасын жоғарылатуға субсидиялау. 1. Мал шаруашылығы саласында асылдандыру ісін қолдау мақсатында бөлінетін мемлекеттік бюджет қаржы құралдары асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында бағалы генефондты сақтап қалуға, көбейтуге жағдайды жақсартуға және асыл тұқымды мал шаруашылығы базасын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туғызды. 2. Субсидия мал шаруашылығы жануарларын және құстарын азықтандыруда, (концентрациялық азықтар) құрама жем бағасын едәуір төмендетуге, олардың өнімділігін жоғарылатуға, өндірісті ынталандыруға, мал шаруашылығы өнімдерін сапасын бәскеге қабілеттілігін арттыруға және ішкі нарықта оның құнын төмендетуге міндеттеледі. Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік тарапынан көмек тек ауылды жерлерде тұратын тұлғаларға көрсетіледі. АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау фондысы» арқылы мал шаруашылығымен айналысуға 8,0 мың АЕК (10,0 млн. теңге) сомасында микрокредит бөлінеді.! Бұл жағдайда кепілдікпен қамтамасыз етуі тиіс. Кредит бөлінгенде жылдық пайызы 9,5%-10,5% құрайды. Мал шаруашылығына микрокредит берудің мерзімі – 2 жылға дейін.