Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Интернет-конференция

Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 02.11.2009
  • 04.11.2009
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Айжан Мәдениетқызы 04.11.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті министр мырза! Менің көп жылдар бойы жүрегім ауырады, дәрігерлер операция жасау керек дейді. Республикада квота бойынша қай мекемеге барғаным дұрыс екен?

Администратор 04.11.2009

Құрметті Айжан Мәдениетқызы! Бүгінгі таңда республикада квота бойынша кардиохирургиялық операциялар мына клиникаларда жасалады: 1)Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта (8 7172 23-11-90); 2)Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта (8 7272 79-83-91); 3)Тараз қаласындағы Кардиохирургия орталығында (8 7262 46-96-81); 4)Қарағанды қаласындағы Облыстық кардиохирургиялық орталығында (8 7212 41-54-53); 5)Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің клиникасында (8 7132 56-47-00). Бұдан басқа әрбір облыста кардиохирургиялық бөлімшілер ашылған. Осыған байланысты Сіз тұратын жері бойынша емханаға немесе денсаулық сақтау басқармасына осы қалаған медициналық ұйымдардың біреуіне квота (тегін) бойынша емделу үшін жолдама алуға өтініш білдіруіңіз керек.