Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Интернет-конференция

Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 02.11.2009
  • 04.11.2009
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Азамат Әбенов 04.11.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Жақсылық Ақмырзаұлы! Алдағы жылдан бастап медицина саласында тағы да өзгерістер болмақ, яғни медицина ұйымдарын аккредиттеу жүргізілуде, дәрігерді және медицина ұйымын таңдауға болады деп естіп жатырмыз. Ол мүмкін бе? Рахмет.

Администратор 04.11.2009

Ия, Азамат, шынында да 2010 жылдан бастап елімізде Бірыңғай ұлттық денсаулық саұқтау жүйесі енгізіледі. Әлемдік тәжірибе медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін білікті кадрларды тұрақты даярлау, медициналық көмекті стандарттау, денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу қажет екенін көрсетіп отыр. Аккредиттеу - денсаулық сақтау ұйымдарының беделі мен мәртебесін көтеру, олардың қызметінің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысу мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар ол пациенттің ерікті түрде дәрігерді және медициналық ұйымды таңдауға, меншіктің әртүрлі нысандары мен түрлеріндегі медициналық ұйымдардың арасында бәсекелестік ортаны құруға және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл бір мезетте емес, біртіндеп орындалатын іс. Келешекте мұның тиімділігін уақыт көрсетеді. Медициналық ұйымдар қазіргі уақытта аккредиттеу рәсімінен өтуде. Аралық нәтижелердің алғашқы анализі бойынша медициналық ұйымдардың көбі шекті деңгейден өтіп тұр. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органымен бірге әрбір медициналық ұйым аккредиттеу барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар жоспарын, сондай-ақ оларды жойғандығы жөнінде ақпаратты Министрліктің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетіне жолдайды. Алдағы кезде де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түрлі ақпарат хабарланып-берілетін болады, бұл іс-шара бойынша нақты деректерді білуіңізге болады.