Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Бокаева Балгыз Муса қызы 02.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Мен зейнеткермін. Балам, Бокаев Абылай, 2009 жылы мұнай колледжін бітірді, бірақ әлі күнге жұмыссыз, қайда барсам да, таныстардың ұлдары жұмыс табады да, әрі әкесі жоқ, әрі оралманның баласы қайда барады. "Өзенмұнайгаз" директорына кіру мүмкін емес, 100-деген адам сыртта жүр. Сізден көмек сұраймын. Өзім "Алтын алқа" иесімін, мынау жалғыз балам. Күйзелгеннен сізден жылы лебіз болады деп сенемін.
Администратор 03.06.2010
Мемлекет басшысының қойған міндеттеріне сәйкес, халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық пен нашар тұрмыс деңгейін төмендету, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2010 жылы Жаңаөзенде жаңадан салынатын және қалпына келтіру, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін көптеген нысандардың құрылысы басталып, жұмыс орындары пайда болды. Яғни, жұмыссыз адамдар еңбекке тартылуда. Сіздің ұлыңыз - Абылай Бокаевқа ағымдағы жылдың 17 мамырында Қызылсай селосының жылу жүйелеріне (трассасын) күрделі жөндеу жүргізетін «БН плюс Маңғыстау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істеуге жолдама берілді. Барлығын бірдей мұнай өндірісінде қамту мүмкін емес, сондықтан өз мамандығы бойынша орналасқанға дейін табылған жұмысты қанағат етуге тура келеді. Еңбегі жемісті болсын. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев