Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді
2010 жылғы 15-ші қазан күні Павлодар облысының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 26
- Жауаптар: 21
- 15.10.2010
- 15.10.2010
- Павлодар облысы Әкімдігі
Айдашев Алдияр Егінбайұлы 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:
Облыстағы нан және астық нарығының жағдайы қандай?
Администратор 15.10.2010
Елбасымыздың тапсырмасымен біздің облысымызда нан және астық нарығын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қолданылып отыр. Облысымызда бидай өнімін қамтамасыз ету бойынша 2011 жылғы 1 қазанға дейін тоннасы 26 500 теңгені құрайтын Павлодар облысы әкімдігі, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, «КазАгро» АҚ, «Қазақстанның астық Одағы» ЗТБ және «Қазақстанның астық өндіру және нан пісіру Одағы» ЗТБ арасында мемарандум бекітілді. Облысымызда былтырғы егіннен қалған көлемі 40 000 тонна бидай өнімі бар. Одан басқа «Азық-түлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорына 25 000 тонна бидай құйылады. Аталған астықтың бұл көлемі 2011 жылғы егін науқанына дейін диірмен кешендерін бидаймен 26500 теңге, наубайхана кәсіпорындарындағы нан бағасының әр килограммы 45 теңге мөлшерінде және облысымызда 1 сортты ұнның бағасының тұрақты түрде сақталуын қамтамасыз ететін болады.