Солтүстік-Қазақстан облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 24 қыркүйектегі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

2010 жылғы 24 құркүйекте Елбасының сол жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық көтеріліс Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауының жүзеге асыру барысы атты тақырыбына Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының қатысумен облыс әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Билялов өткізетін интернет-конференциясы. Сол жылдың 28 құркүйегінде «электронды үкімет» Порталында сұрақтарға бүкіл жауаптар жариялынады.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 24.09.2010
  • 24.09.2010
  • Акимат Северо-Казахстанской области

Султанов, Тайжанов 24.09.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Жамбыл ауданының Майбалық ауылының тұрғындарының атынан өтінішімізді жіберіп отырмыз. Мәселе мынада: біздің ауыл ауыз сумен елден 6 километр жердегі жер асты су қорынан камтамасыз етіледі. Суымыз өте таза, елдің денсаулығы түзелуге көп себеп болды. Бірақта 7 жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселе – осы су кешенінің иесі болмауы. Сіздің тапсырмаңызға қарамастан аудан әкімшілігі оны коммуналдық меншікке осы күнге дейін алмай отыр. Сондықтан мотор күйсе, не болмаса құбырдың бір жері жарылса ел болып ақша жинап, сатып алуға мотор, қазуға экскаватор іздеп жатқанымыз. Осы себептермен ауылда кейде айлап су болмай қалады. Су кешенін аудандық коммуналдық кәсіпорына жүктесеңіз біздің мәселеміз түбімен шешіліп, ауыл тұрғындарының көңілі жәй табар еді. Ауыл ақсақалдары: Роман Сұлтанов және Серікбай Тайжанов.

Администратор 27.09.2010

Сіздің сұрағыңыз бақылауға алынды. Бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табады.