Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақырыбындағы Интернет-конференциясы

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақарыбында Интернет-конференция өткізеді. Сұрақтар 12 қараша күні сағат 9.00-ден бастап 13 қараша күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Интернет-конференцияға келіп түскен сұрақтардың жауаптары 2010 жылғы 18 қараша күні жарияланады.

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 12.11.2010
  • 13.11.2010
  • Барлық сұрақтар Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне

Үржар ауданы 12.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қабанбай ауылдық округіне қарасты Алакөл демалыс аймағында демалушылардың жағдайын, тазалығын сақтау мақсатында сұйық қалдықтарды тазалау қондырғысы құрылысын жасауға облыстық немесе республикалық деңгейде қаржыландыруға көмектесуге ықпал етсеңіз. Жоба құны – 35,0 млн. теңге.

Администратор 13.11.2010

Жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамадан өткізілген оң қортытындысын және тиісті бюджеттік тапсырыстарын облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынамын.