Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақырыбындағы Интернет-конференциясы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақарыбында Интернет-конференция өткізеді. Сұрақтар 12 қараша күні сағат 9.00-ден бастап 13 қараша күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Интернет-конференцияға келіп түскен сұрақтардың жауаптары 2010 жылғы 18 қараша күні жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 12.11.2010
- 13.11.2010
- Барлық сұрақтар Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне
Үржар ауданы 12.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Аудан тұрғындарын қажетті мөлшерде және кепілді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауданында ойдағыдай жұмыстар атқарылуда. Ауданның кейбір ауылдарында сумен қамтамасыз ету жүйелерін ретке келтіру үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындап отыр. Сізден жерасты суларының қорын барлау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық және республикалық бюджеттерден қаржы бөлуге ықпал етуіңізді сұраймын.
Администратор 14.11.2010
Бұл жөнінде республикалық бюджет қаржысы есебінен ойдағыдай жұмыстар жүргізілуде. Биыл жерасты сулары қорын бірінші кезекте анықтауды қажет ететін облыс елді мекендерінің қатарына Үржар ауданынан 3 ауыл: Қаратұма, Ақшоқы, Қарабұта ауылдары енгізілген.